» » Үнемдеуді қалай үйренеміз?

Үнемдеуді қалай үйренеміз?

Барлық ақшаны құрту әдеті – жалпы адамзатқа тән қасиет. Ендеше оны басқа әдетпен ауыстыру керек. Аз кірістің өзінен ақшаның бір бөлігін сақтап қоюға болады.
1. Не үшін қаражат жинағыңыз келеді? Мақсат қойыңыз. Армандарыңызды еске түсіріңіз, оның ішінде қайсысы үшін шыдап жүре аласыз? Әйтпесе, себеп жоғалып, жиналған қаражат бекерге жұмсалып кетеді.
2. Кез келген кірістен еш сылтаусыз ақша бөліп отырыңыз. 5-10% жеткілікті. Сөзсіз, адам өмірі әрдайым форс-мажордан тұрады, бірақ бәрі дұрыс болса, ережені мүлтіксіз орындаңыз.
3. Ең дұрысы, банктен жоғары проценті бар депозит ашыңыз. Ашқан шотыңыз қолжетімсіз болғаны маңызды, яғни салған ақшаңызды оңай ала алмауыңыз керек.
4. Егер әдемі, үлкен және қымбат бірдеңе алғыңыз келіп тұрса, оны сатып алуды бірнеше аптаға шегіндіріңіз. Ол уақытқа дейін бұл тілегіңізден айнып қалуыңыз мүмкін.    5.  Міндетті түрде күнделік жазып жүріңіз. Мысалы, 1 апта бойына не сатып алғаныңызды жазып отырыңыз. Аптаның соңында барлық шығындарға анализ жасап, қандай шығындардан бас тарту керектігін анықтаңыз.
Осы әдістерді бірнеше ай қолдансаңыз, нәтижесін міндетті түрде байқайсыз. Еуропалық елдер бюждетті жақсы басқарады. Олар киімге ақша жұмсай бермейді, сапалы бір киіммен жылдар бойы жүре бере алады. Сонымен қатар, жолға ақша кетірмей, көп жағдайда велосипед немесе электр скутермен жүруді жөн көреді. Олар тек білімге және саяхаттауға ақша аямайды. 
09 қараша 2018 ж. 510 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 670

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 733

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 874

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 985

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 665

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 995

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 928