» » Ырым-тыйымдарды білесіз бе?

Ырым-тыйымдарды білесіз бе?

Иә, біз модернистік қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Иә, біз жаңа заманның ұрпағымыз. қала берді, ұғымдар мен құндылықтар алмасқан тіршілік дағдысының перзентіміз. Бірақ, бұл тәрбие бастауынан қол үзу деген сөз бе? Кім айтты, кеше деген ескілік деп? қазақы сана ендігі өміріміздің ұстыны бола алмайды деп, кім айтты? Бұл кезең – ұмыту кезеңі. Біз тамырымызда тулаған кейбір ақпараттарды ұмытып қалдық. Соның бірі тыйымдар. Ауызекі жасалған бұл мәдени жаңғырық сан жылдар бойы бір халықты сақтап келді. Бұдан кейін де сақтай алмақ.  Белгілі этнограф – ғалым Ақселеу Сейдімбек қазақтың дәстүрлі тыйымдарын үш түрлі етіп бір ізге келтірген екен. Яғни, адамға, қоғамға және табиғатқа қатысты тыйымдар… Бесікті теппе. Беттеп келе жатқан көп малды бойлай бөліп өтпе. Беті – қолыңды жуынбай тұрып, малды өріске шығаруға болмайды. Босағаға сүйенбе. Босағаны керме. Бос бесікті тербетпе. Бөтен үйге түнде сәлем беріп кірме («Кеш жарық» деу керек). Бүгінгі істі ертеңге қалдырма. Біреуге тесіліп қарама. Бір қолмен нан үзбе. Бір қолыңмен су құйма. «Біссіміллә» демей ас татпа. *** Дастарханды аттама. Дастарханды пышақпен қырма. Дәм ішуді қонақтан бұрын доғарма. Дос – жаран, құда – жекжаттан ит алма, ит берме. Дүние қума. *** Екі кісінің арасынан өтпе. Елсіз жерде жалғыз ұйықтама. Елшіге тиіспе. Еркектің бес қаруына әйел адам тиіспес болар. Ер – тоқымды аударып қойма. Ер – тоқымды теріс салма. Ер адамды әйел түртіп оятпас болар. Ескі дауды еске алма. Ескі моншаға кірме. Есікті қатты серіппе («Қайтып кірер есікті қатты серіппе» деген). Есікті теппе.Ойланбай сөйлеме. Ойланбай іс бастама. Орынсыз кінә қойма. Оттықты жақпа. Өзгенің алдындағы асқа сұғынба. Өзіңде жоққа мақтанба. Өзіңе ұнамағанды өзгеге теліме. Өз басыңа лайық емес сөз айтпа. Өлген кісіні жамандама. Өліктің дене топырағын сәндеме. Өлімге бата жасап қайтқанда басқа үйге кірме. Өлім бар да қаза бар екенін ұмытпа. Өсек тасыма. Өтірік айтпа.Шақырғаннан қалма («Шақырғанға бармасаң, шақырғанға зар боларсың» деген). Шақырмаса барма. Шамды үрлеп өшірме. Шаңыраққа сәлем бермей кірме. Шарап ішпе. Шашты баспа. Шашты далаға тастама. Шәйнектің шүмегін төмен қаратпа. Шошқа етін жеме. Шылым шекпе. Шырақты үрлеме (ұмытшақ боласың). Ыстық тамақты қомағайланып ішпе.

Дереккөз: "Ақ желкен" журналы


09 қараша 2018 ж. 70 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 66

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 172

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 292

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 363

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 234

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 545

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 502