» » Қазақстанның жеті кереметін білесіз бе?

Қазақстанның жеті кереметін білесіз бе?

Біздің елімізде әлемнің жеті кереметіне тең келерлік ғажайыптар жеткілікті. Мысалы, Қазақстандағы тарих, археология, сәулет және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Қазақстанның кереметі деп саналатын ескерткіштерді санамалап көрелік. 1.Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін атақты шығыс қолбасшысы Ақсақ Темір салғызған. Оның көлемі – 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әртүрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан.
2.Тайқазан. Қожа Ахмет Яссауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Өзі екі тонналық қазанға үш тонна су сыяды.
3.Айша бибі мазары. Кесене ХІІ ғасырда салынған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі болған. Күмбезді Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
4.Тамғалы кешеніндегі жартасқа салынған суреттер. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады.
5.Алтын адам. 1960 жылы Есіктен табылған бұл ескерткіштің ерекшелігі: осыдан 2500 жыл бұрын жерленген адамның киімі түгелдей алтынмен апталған.
6.Домбыра. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос ішекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында кең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдеді.
7. Күлтегін ескерткіші. Күлтегін – көшпенділер тарихындағы ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бірі.
07 қараша 2018 ж. 67 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 3

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 108

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 232

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 310

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 181

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 497

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 464