» » "Қаңтар" айының ерекшелігі неде?

"Қаңтар" айының ерекшелігі неде?


Қаңтар – түріктердің сөзі. Күннің барынша қысқарып, байланғандай қаңтарылып тұрып қалуына орай бұл айды "қаңтар" деп атаған. Бұдан кейін күн қайта ұзара бастайды. Дана халқымызда "қаңтарда күн қарға адым ұзарады" деген сөз осыған дәлел. Қаңтарда қазақ халқында той-томалақ, мереке, думан мүлде болмайды деуге болады. Қыс қаһарына мініп, ерекше суық ауа райы ауыл арасындағы байланысты ажыратып, адамдар осы айды үйде өткізетін еді. Қаңтар ауыл адамдары үшін бейнетті мезгіл. Мал төлдеп, сақманның басталар уақыты қаңтардың сарышұнақ аязына дөп келеді. Сонымен қатар, қаңтар ортасынан асқанда орыс халқының дәстүрі бойынша ерекше суық аяз жүреді. Осы айда қытайлықтардың суық мезгілде тойлайтын дәстүрлі мерекелері де бар. Қаңтар Жердің солтүстік бөлігіндегі жылдың ең суық айы ретінде тіркелсе, оңтүстік бөліктегі ең жылы ай екен. Статитикалық мәліметтер бойынша, дүние жүзінде некеге отыру рәсімі мүлде аз өтетін ай – ол қаңтар.

Дереккөз: massaget.kz
05 қараша 2018 ж. 240 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 311

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 402

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 520

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 627

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 437

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 744

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 684