» » Бала қиялын қалай дамытуға болады?

Бала қиялын қалай дамытуға болады?


Шомбалова Гауһар, Алматы қаласы(ата-ана):

     Сәлеметсіздер ме, "Дарынды бала" сайтының ұжымы! Сіздерді жаңа оқу жылымен құттықтаймын, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! Сайттарыңыздағы байқауларға баламқызыға қатысады және балаларға қажетті қызықты дүниелерді шығарып отырасыздар сайтқа, көп рақмет! Менің сауалым-бала қиялын дамытуға қандай жаттығулар немесе әрекеттер жасауға болады? Осы тұрғыда мәліметтер берсеңіздер? 

Шолпан Мұратбекқызы, портал әдіскері:
Сәлеметсіз бе, Гауһар! Ізгі тілегіңізге көп рақмет! Сұрағыңыз бойынша біршама мәліметтер ұсынамыз, қажетіңізге жарар деген сенімдеміз!
Қиялды дамытуға арналған жаттығулар:
1. «Жаңа ертегі»
Балаларға ертегі кейіпкерлерін атап, суреттерін көрсетуге болады. Мысалы: кемпір, шал, түлкі, арыстан, тышқан, т.б. Аталған кейіпкерлерді біріктіре отырып жаңа ертегі мазмұнын құрастырып айтуды ұсыныңыз. Балалар өз қиялына ерік беріп, ертегі құрастырады.
2.«Теңіз жағасындағы түс»
Балаларға теңіздің шуылын (аудиожазба)тыңдатып жатқызыңыз. Оларға түс көру керектегін айтыңыз. Балалар тұрған соң түсінде көргенін айтып береді. Ол су, теңіз жағасындағы адамдар, қайық, кеме, құстар, балықшылар, су асты тіршілігі болуы мүмкін.
3.«Сиқырлы дөңгелектер»
Балаға арнайы бірнеше дөңгелектер беріңіз, олардан жануарлардың бейнесін жасауды ұсыныңыз. Мысалы: құлақтары үшбұрыш, көзін қиғаш сызықтармен, тұмсығымен мұрттарын сызып мысықтың бейнесін салады. Аю, құлақтарын жартылай дөңгелек, көздерін екі дөңгелек, тұмсығымен аузын салу арқылы аюдың басын салады, оның сыртқы бөлігінен ирек сызықтарды айналдыра жүргізу арқылы арыстанның басының суретін салып, бала өз қиялы бойынша суретті толықтырады.
4.«Қиял жалғасы»
Балаларға тақтаға(қағазға) бірнеше сызықтарды бормен сызыңыз (толқын, сынық, сызық, ирек). "Менің қиялым бойынша осы сызықтардан алуан түрлі заттар жасауға болады. Қане, кім менің қиялымды жалғастырып өз ойларынан толық сурет салып береді екен?" деп өз алдыларындағы парақ қағазға сызықты сызып суретке айналдырып, не салғаны жайында әңгімелеп беруді өтініңіз.
Сонымен қатар мына кеңестерде естеріңізде болсын:
Баланың зерігуіне мүмкіндік беріңіз. Ән, домбыра, менталды арифметика секілді түрлі үйірмелерге апару, одан кейін мультфильм көрсету – заманауи ата-ана баланың әр минутын жоспарлап қоюға тырысады. Әрине, ондағы ата-ананың ойы – баланың әр уақыт сайын  жаңа дарынын ашу. Иә, балаға тәртіп керек, бірақ оның да өз шегі бар. Балаға әр 10 минут сайын «тағы не істесең болады» деп, нұсқау жасамай, күн сайын баланың зерігуіне аз уақыт болсын қалдыру керек. Сол кезде баланың өзі қиялдап, тағы не істеуге болатындығын өзі ойлап, жанына жақын жаттығуды таңдайды. Тіпті, арасында баланың зеріккеннен өз-өзімен мысалы, жануар ойыншықтарды бір-бірімен сөйлестіріп, ойнағанының өзі бала қиялына көмегін тигізеді. Бала ойыншықтарынан шаршаса, үйдегі заттардан бірдеңе құрастыра бастайды. Ол да бала қиялын дамытуда маңызды рөл атқарады. 
Шығармашылыққа арналған заттарды көзге көрінбейтін жерге қоймаңыз. Кішкентай кезінен бастап бала өз сезімін түрлі қолдан жасалған заттар арқылы, соның ішінде, суретпен көрсетуге әдеттенеді. Тіпті, ең қарапайым шимақтың өзі, оның өлшемі мен түсі – ең жас отбасы мүшесінің эмоциялық жағдайын көрсететін қағаз. Балалар өздеріне жаңа пішін, реңк және олардың үйлесімін ашады, олардың зейінін тартатын бірдеңе салуға тырысады. Сондықтан қарындаштар, фломастерлер, бояулар мен парақтар әрқашан көз алдында көрініп тұруы керек.
«Егер..., сен не істер едің» ойынын ойнаңыз. Бұл ойын баланың еркелігінен алаңдатып қана қоймай, сиқырлы санасының толықтай жұмыс істеуіне ықпал етеді. Ол гипнозды сұрақтардан және балама шешімдерді табудан тұрады. Мысалы: «Даладан иесіз ит тауып алсаң, не істер едің?», «Орманнан қазына тауып алсаң, не істер едің?», «Ханшайыммен таныссаң, не істер едің?», «Сенің терің көк түске айналып кетсе, не істер едің?» және т.б.
22 қыркүйек 2018 ж. 124 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 66

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 172

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 292

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 363

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 234

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 545

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 502