» » Менің сүйікті мульткейіпкерім

Менің сүйікті мульткейіпкерім

Әр адамда өзінің сүйікті кейіпкері болады. Мейлі ол кинофильмде болсын немесе мультфильмде болсын, сол кейіпкерді көрсе қуанып, шаттанады. Менің сүйікті кейіпкерім – Алдар көсе.
Алдар көсе – қазақ халқының ертегілеріндегі жарқын бейне. Алдар көсе қазақ халқы үшін жомарттылықтың, кең пейілділіктің, адалдықтың бейнесі. Оның қаруы шоқпар немесе қылыш емес, ақылы мен айлакерлігі болып табылады. Алдар көсе бай болмаса да ақылының, айлакерлігінің арқасында сараң байларды, жалқау арамтамақтарды, тіпті сайтанның өзін алдап, жазалаған. Ол әділетсіздікпен, қайырымсыз сараң байлармен күресіп, қарапайым халыққа көмек жасап жүрген.
Байлар Алдар көсеге алданғанына өзінің ақымақтығын кінәлайды. Алдар көсенің тапқырлығына таң қалып, басын шайқап қала береді. Ел-жұрты оның әңгімесін естіп, қыран-топан болып, шын рахаттанып бір күліп қалады. Кедейлердің жабырқау өмірлерін өзінің әзілдерімен жарқын ете білетін кейіпкер. Маған осынысымен ұнайды.
Ахмет Айжан
№107 лицейдің 7 «б» сынып оқушысы
Жумагулова Тамара Маликовна
29 қазан 2018 ж. 327 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 3

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 109

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 233

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 310

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 181

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 497

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 464