» » Тілеуқабыл Аяулым Нұржанқызы

Тілеуқабыл Аяулым Нұржанқызы

"Жыл үздігі-2018" байқауының ІІІ орын иегері
Тілеуқабыл Аяулым Нұржанқызы

Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Қожа Ахмет Яссауи атындағы

№123 мектеп-гимназия

Жетекшісі: Елшібай Үрбүгүл Жаңабайқызы


Тілеуқабыл Аяулым Нұржанқызы 13.07.2002 ж. Алматы қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназияның 1-«А» сыныбының табалдырығын аттады. Қазіргі уақытта дәл осы мектептің 10-«А» сыныбының оқушысы. 1-сыныптан оқу үздігі, сынып белсендісі. Сабақтан тыс қоғамдық жұмыстармен айналысқанды ұнатады. Өнерге жаны жақын шәкірт «Балдәурен-Қапашағай» РОСО-да «Актерлік шеберлік» үйірмесін аяқтады. Сонымен қатар ән айтып, мәнерлеп оқуға да жақын.

Жетістіктеріне тоқталып өтсек:

-Мектепішілік ғылыми жобалар сайысында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп ІІІ орынды иеленгені болатын.

-2015-2016 жылдары қатарынан өткен А.Жұмаділдаев атындағы Әуезов аудандық математика олимпиадаларының жүлделі орын иегері атанды.

-2016 жылы мектеп оқушылары арасында өткен «Мектеп дауысы-2016» атты өнер байқауының ІІІ орын иегері болды.

-№123 МГ өткізілген «Мұқағали-мәңгілік жыр» атты мәнерлеп оқу байқауының І дәрежелі орын иегері атанды.

-2016 жылы №123 мектеп-гимназиясында құрылған жас инспекторлар тобының капитаны болды. Дәл сол инспекторлар тобымен бірге Әуезов ауданы мектептерінің арасында өткен «Қозғалыстың жас инспекторлары» сайысында жүлделі ІІ орын иегері атанып, мектеп намысын қорғап шықты. Сондай құраммен 2017 жылы да сол байқауға қатысып, тағы да жүлделі ІІІ орынды қанжығалады.

-«Мәңгілік ел-мәртебесі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндігінде өткен мәнерлеп оқу сайысының І орын иегері болды.

-Алматы қаласы білім басқармасы МКҚК «Жас натуралистер станциясында» өткен «Біздің үйдің флорасы мен фаунасы» атты рефераттық жұмыстар конференциясына қатысып ІІІ орын алды.

-Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырған «Қош бол аппақ қар. Армысың көктем!» іс-шарасына, «Парктер шеруі» атты халықаралық табиғатты қорғау акциясына да белсенді түрде араласты.

-8-сыныпта «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының президенті болып тағайындалды.

-2017 жылы №123 МГ биология пәнінен өткен көшбасшылар сайысының бас жүлдесін иеленіп биология пәнінің көшбасшысы атанды.

-Физика пәнінен өткен көшбасшылар сайысының ІІІ орын иегері болды.

-Аудан көлемінде өткен «Абай, Шәкәрім оқуларының» ІІ орын иегері атанды.

- 2017 жылы «Мектеп аруы-2017», «Жыл оқушысы-2017» атақтарының иесі болып, көпшілікті мойындатты.

-2017 жылы «Балдәурен-Қапшағай» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында болып республика көлемінде өткен сайыстардың жеңімпазы атанды.

-2017 жылы 3 ауысым «Экспо-2017-Мәңгілік ел бастауы!» экологиялық-биологиялық экспедициясы бағдарламасы барысында «Конферансье» байқауында І орынды, «Олимпия» спорттық ойындар байқауында да І орынды алды.

Сонымен қатар, сол республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Актерлік шеберлік» үйірмесіне қатысты.

-9-сыныпта «Адал ұрпақ» клубының қызметіне белсене араласқаны үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мақтау қағазымен марапатталды.

-2018 жылдың көктемінде аудандық «Абай оқулары», «Мағжан оқулары», «Махамбет оқулары» болып өтті. Осы үш сайыста да өз шығармашылығынан ақындарға арнау жазып үшеуінде де жүлделі І орынды қанжығасына байлады.

-9-сынып барысында сабақтан бөлек «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымының мультимедиялық журналистика бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 123 МГ әлеуметтік желілердегі парақшаларының редакторы болды. Бұл жұмысын бүгінгі уақытта да атқарып жүр.

-9-сыныпты үздік аттестатқа тәмамдады. Қазіргі уақытта «Алтын белгі» үміткері, мектеп президенті. Мектепте өтетін біршама іс-шаралардың жүргізушісі ретінде байқауға болады. Болашақта журналистика саласының мықты маманы болуды армандайды.

13 қараша 2018 ж. 286 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 311

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 402

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 520

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 627

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 437

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 744

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 684