» » Хамит Темірлан Рахатұлы

Хамит Темірлан Рахатұлы


Хамит Темірлан Рахатұлы
Қызылорда қаласы №112 орта мектептің 4 «А» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі: Абдирбаева Айткүл Оразбекқызы
              Хамит Темірлан Қызылорда қаласы №112 орта мектептің 4 «А» сынып оқушысы. 1 сыныптан бастап оқу озаты болып келеді. Темірлан мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете біледі. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс-шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды.
              Көшбасшылық қабілеті жоғары. Берген уәдесінде тұрады және оны жақсы орындайды. Өзінің ойлары мен сезімдерін ашық және анық жеткізеді. Шығармашылық қабілетінің дамуы жоғары, өздігінен істеуге ұмтылуы, зерттеушілік белсенділігі, ойлау икемділігінің идеяны жаңалықтандыру қабілеті бар. Өнердің түрлеріне әуестігі жоғары деңгейде.
Халықаралық жетістіктері:
«Қыс. Қаңтар. 2017 Математика 4-сынып» Математикадан оқушыларға арналған Халықаралық ашық олимпиадаға қатысып 1-орын алғаны үшін «Дипломмен» марапатталды.
Халықаралық «ПОНИ» байқауының жүлдегері «Дипломмен» марапатталды.
«Қош келдің, әз Наурыз!» Халықаралық шығармашылық байқауында жеңіске жеткені үшін ІІІ Дәрежелі «Дипломмен» марапатталды.
Республикалық жетістіктері:
2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін 25 жылдық мерекесі қарсаңында өткізілген «IQ»- Интелектті дамыту орталығының ұйымдастырыумен Республика оқушылары арасында қашықтықтан өткізілген байқауға қатысып, еркше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін марапатталды.
«Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Математика» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін І ДӘРЕЖЕЛІ «Дипломмен» марапатталды.
«Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленгені үшін І ДӘРЕЖЕЛІ «Дипломмен» марапатталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен «Ақбота»-2015» интеллектуалдық марафонына қатысып жүлделі ІІІ орынмен марапатталды.
Қалалық жетістіктері:
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық «Зерде» конкурсының І қалалық кезеңінде ІІ орын иеленіп, «Дипломмен» марапатталды.
«Қызылорда облысының экологиялық жағдайы». Соның ішінде: «Арал тенізінің экологиялық жағдайы», «Байқоныр» ғарыш айлағының қоршаған ортаға әсері.«Құмкөл» мұнай кен орны. «Шиелі ауданындағы уран өндіретін кең орыны». «Сырдария өзені суының сапасы»тақырыптарында ғылыми жоба қорғады.
2015 жылы сәуір айында Құмкөл кен орынынан алынған топырақтың сапасының құрамының организмдерге әсерін анықтау барысында зерттеу жүргізуді қолға алды.  Лабораториялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Биология және география» кафедрасының зертханасында жүргізілді.
         Хамиттің болашағынан зор үміт күтеміз, әлі талай асуларды алатынына сенімдіміз. Біз Рахатұлы Хамитті мақтан тұтамыз.
22 қыркүйек 2018 ж. 259 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 384

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 484

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 589

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 708

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 496

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 802

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 753