» » Тохтарбеков Ердәулет Ерланұлы

Тохтарбеков Ердәулет Ерланұлы


Тохтарбеков Ердәулет Ерланұлы
Семей қаласындағы №8 мектеп кешенінің 4 «ә» сынып оқушысы
Жетекшісі: Тұрдұқұлов Думан Бакытбекович
            Ердәулет мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап спортқа жаны жақын болды. Ердәулет спортқа жақындығымен осы төрт жыл ішінде талай турнирлерге қатысып бізді де, мектеп мұғалімдерінде, ата-анасында қуантты. Атап айтатын болсақ:
2014 жылы Курчатов қаласында өткен 26 кг салмақ дәрежесінде балалар арасында 1 орынды иеленіп Курчатов қаласының әкімі Д.А.Гариковтың мадақтамасымен марапатталды. Осы жылы XYI халықаралық турнирде ИТФ Семей кубогі үшін өткізілген турнирде III орын алды.
Қазақстан Республткасының Тәуелсіздігі күніне орай өткізілген ITF турнирінде II орынды місе тұтты.
Семей қаласында қалалық біріншілікте ИТФ таэквондадан I орын алып төбемізді көкке жеткізді.
2014 жылы қалалық Спарринг бағдарламасы бойынша 24 кг салмақта өткен ИТФ таэквондо да I орын алып ШҚО Таэквондо Федерациясының директоры М.Советханның қолынан мақтау қағазын алды.
2015 жылы ШҚО Семей қаласының Дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған таэквондода ашық біріншілікте жасы 6-7 жас, салмағы 26 кг балалар арасында өткен турнирде I орынды қанжығаға байлап дене шынықтыру спорт бөлімінің басшысы М.Құржықаевтың мақтау қағазымен марапатталды. Осы жылы балалар арасында ШҚО чемпионатында 26 кг салмақ дәрежесінде III орынға ие болды және басқарма басшысы Р.Алидің қолынан мақтау қағазын алды.
ITF таэквондоның наурыз мерекесіне арналған ашық қалалық біріншілікте Ердәулет III орын алды.
2015 жылы Таэквон-до ITF 2001-1998 ж туған жастар арасында ШҚО чемпионаты және Курчатов қаласының кубогі үшін өткен турнирде 28 кг салмақ дәрежесінде II орынға ие болды.
КГУ «ДЮСШ Зырян» қаласының әкімдігі ұйымдастырған таэквонда біріншілігінде III орынды алды.
2016 жылы Спарринг бағдарламасы бойынша халықаралық турнирде 30 кг салмақ дәрежесінде III орынды қанжығаға байлап бізді тағы бір қуантты.
ҚР Спорт күні мерекесіне арналған жарыста таэквондада Ераулет I орынды алды, Қалалық біріншілікте ИТФ таэквондо турнирінен тағы да I орын алды. Осы жылы Петропавл қаласында өткен таэквондо ITF Қазақстан және Солтүстік Қазақстан Федерациясы ұйымдастырған турнирде сертификатқа ие болды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кадеттер және жасөспірімдер арасында Таэквондо ITF турнирінде қатысқаны үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
«Курчатов қаласының кубогі» және ШҚО чемпионатында I орын алғаны үшін басқарма басшысы О.Чугунковтің мадақтамасын иеленді.
2016 жылы 25 қыркүйекте Қарауыл ауылында өткен облыстық біріншілікте спорт бөлімінің бастығы Е.Сагындыковтың қолынан II орын алғаны үшін мақтау қағазын алды.
Тәуелсіздік күніне орай өткізілген таэквондо турнирінен I орын алды.
Зырян қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырған жасөспірімдер және кадеттер арасында WTF таэквондодан ШҚО чемпионатында 30 салмақ дәрежесінде II орын алып басқарма басшысы Е.Чикеновтің мадақтамасымен марапатталды. Осы жылы таэквондодан қалалық турнирде 30 кг салмақ дәрежесінде II орынға ие болды.
Жасөспірімдер арасында таэквондодан ШҚО чемпионатында 26 кг салмақ дәрежесінде өткен турнирде I орынға ие бодды.
ҚР спорт күніне арналған таэквондо ИТФ қалалық біріншілікте ұлдар арасында III орын алды.
2017 жылы Қазақстан Чемпионатында Массоби бағдарламасы бойынша 30 кг салмақта өткен турнирде III орынды иеленіп Таэквондо ПФ ҚР Президенті Д.Қ Нургалиевтің дипломымен марапатталды.
Ердәулеттің болашағынан зор үміт күтеміз, әлі талай асуларды алатынына сенеміз. Ердәулетті мектебі және спорт мектебі, ұстаздары мақтан тұтады. Ердәулетке жұлдызың жана берсін, жолың бола берсін демекпіз.
22 қыркүйек 2018 ж. 95 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 113

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 215

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 332

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 404

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 286

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 588

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 535