» » Шетелдік мульттоптамалардағы қазақша әндер

Шетелдік мульттоптамалардағы қазақша әндер


2011 жылдан бері Голливудтың жиырмадан астам кино және мультфильмі қазақ тіліне дубляждалды. Олардың басым бөлігі Disney медиагигантына қарасты студиялардың өнімдері. Ал Disney бар жерде ән де бар. Назарыңызға Youtube кеңістігінде таралған, қазақша дубляждалған фильмдерде айтылған әндерді ұсынамыз. Әңгімені Pixar студиясының "Батыл жүрек" ("Храбрая сердцем" / "Brave") мультфильмінен бастасақ. Шотланд халқының көне мәдениетін, намыс пен батырлықты дәріптейтін осы тамаша картинаны қазақ көрермендері жылы қабылдады. Бұған аудармашылар да атсалысты, өйткені сонда шырқалған Мақпал Исабекоаваның орындауындағы әндер түпнұсқадағыдай жатық, құлаққа жағымды етіп жазылған.
"Джунгли кітабы" ("Книга джунглей" / "The Jungle Book") киноертегісіндегі Балу мен Мауглидің әні балалардың мерекелік шараларында, саяхат-сапарларда орындауға сұранып тұрғандай. Жеңіл, көңілді композиция. Кейіпкерлерді дыбыстаған – Сағаділдә Үсібәлиев пен Ақарыс Әшімхан.
"Моана" ("Moana") анимациялық картинасы мюзикл болғандықтан, онда бір емес, бірнеше ән шырқалды. Осы мультфильм үшін қазақ тілінде 11 ән жазылыпты. Солардың бірнешеуін ұсынамыз. Басты кейіпкер Моананы қазақша сөйлеткен – Назерке Серікболова, әнді де осы актриса орындайды.
Жылдың үздік анимациялық фильмі атанып, талай жүлде мен "Оскар" алған "Коко құпиясы" ("Тайна Коко" / "Coco") туындысына келіп жеттік. Бұл да Pixar студиясының мюзиклы. Мексика тематикасын, ырғақты музыканы ұнатасыз ба? Гитаралы латынамерикалық балладаны қазақ тілінде тыңдаудың өзі керемет әсер береді екен.
27 қаңтар 2019 ж. 51 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 165

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 258

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 370

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 445

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 317

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 629

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 568