» » Жастар "Жастар жылының"ашылуында не айтты?

Жастар "Жастар жылының"ашылуында не айтты?


23 қаңтар күні Астана қаласындағы "Нұр әлем" павильонында ("EXPO-2017" көрме кешені) "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" атауымен Елбасының қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті.Іс-шараға Мемлекет басшысының, Үкімет мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, "100 жаңа есім" байқауының жеңімпаздары, "Болашақ" бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдерінің, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметкерлер және т.б. келді. Сондай-ақ, ашылу салтанатына әлемге белгілі әнші Димаш Құдайберген, 20 жасқа дейінгі шахматшылар тізімінде көш бастаған Жансая Әбдімәлік, белгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы қатысты.
Жастар не айтты?Атырау өңірінде ауыл шаруашылығымен айналысып, кәсібін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкер Тамара ханым жеткен жетістіктеріне тоқтала келіп: "Біз осы жылы Астана қаласына суыққа, желге төзімді алманың 4 түрін ексек пе деп отырмыз. Сол үшін сізден 1 гектар жер беруіңізді сұраймыз", – деді. Өз кезегінде Елбасы осы мәселе бойынша Астана қаласы әкіміне тапсырма берді.• Іс-шарада еліміздің түрлі өңірінен келген жастар сөз сөйледі. Жастар жылының ашылуына келген Айшолпан Елбасыны Бай өлкеге қонақ болуға шақырды.• Жас өнертапқыш Абзал Мырзаш пернетақтадағы ағылшын әріптерін қолданып, альфавит, кириллицамен жазылған кітаптарды латын қарпіне ауыстыратын бағдарлама ойлап тапқанын айтты. • Түркістан облысынан келген 27 жаста 7 баланың анасы атанған Жазира Тұрғынова Қазақстанның демографиясын көтеру үшін көп балалы болудан қорықпауға шақырды. • "Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының" атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы 100 кітап жобасы бойынша жүзеге асып жатқан жоспарымен бөлісті. • Жас қаламгерлердің атынан сөйлеген ақын, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мерей Қарт «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жас қаламгерлер түрлі өңірлерге барып, шығармалар жазғанын айта келіп, алдағы уақытта әлем әдебиетіне бәсекелес бола алатын шығармалар тудыру үшін жас қаламгерлерге арналып "Әдебиет академиясы" құрылса екен деген ұсыныс айтты. Осылайша, елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды іс-қимыл жоспарын іске асыру бастау алатын болады. Іс-шара барысында жас қазақстандықтар жүзеге асырған табысты жобалар мен жаңа өнімдердердің таныстырылымы өтті. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл "Жастар жылы" деп жарияланды.

Дереккөз: massaget.kz
27 қаңтар 2019 ж. 44 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 165

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 258

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 370

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 445

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 317

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 629

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 568