» » Жас шахматшының жаңа белесі

Жас шахматшының жаңа белесі

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік АҚШ-та өтетін "Cairns Cup-2019" үздіктер турниріне шақырту алды. Алғаш рет өтетін жарысқа әлемдегі ең үздік 10 шахматшы қыз қатысады. Турнир Сент-Луис қаласындағы (АҚШ, Миссури штаты) Saint Louis Chess Club шахмат клубында өтеді. Жарыстың басты демеушісі - танымал меценат, шахматтан ірі турнирлерді ұйымдастырушы кәсіпкер Рекс Синкфилд. Әлемдегі ең үздік шахматшы қыздар арасындағы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Қатысушылардың барлығы сыйақы алады. Бірінші орын иегеріне 40 000 АҚШ доллары, екінші орынға - 30 000, үшінші орын алған шахматшы 20 000 доллар сыйақы еншілейді. Жалпы жүлде қоры 150 000 АҚШ долларын құрайды.
"Cairns Cup-2019" турнирі 2-17 ақпан аралығында өтеді. Шахматшылар айналмалы жүйе бойынша бәрі бір-бірімен ойнап шығады. Қатысушылар тізімі әлі толықтай жарияланған жоқ. Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік жуырда 20 жасқа дейінгі шахматшы қыздар арасындағы рейтингте көш басына шыққан болатын.

17 қаңтар 2019 ж. 52 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 165

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 258

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 370

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 445

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 317

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 629

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 568