» » "Мұзбалақ" мультфильмінің көрерменге жол тартты

"Мұзбалақ" мультфильмінің көрерменге жол тартты



Қазақ анимациясының биылғы жаңалығы "Мұзбалақ" туындысы болмақ. Әмен Қайдаровтың ұлы жолын жалғастырған бүгінгі шығармашылық топ ата дәстүрді насихаттаудан қол үзбеген. Дала мәдениеті мен ұлт руханиятын ұштастырған осы топпен сюжет, жұмыс барысы, қиындықтар туралы сұқбаттасқан едік. Сіз де қанық болыңыз!
Тұрдыбек Майдан: 2005 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына Кино тв факультетіне «Анимация режиссері» мамандығына оқуға қабылданып, 2010 жылы «Аққаз» атты дипломдық жұмыс қорғап, сол жылы аяқтадық. 2008 жылы «Әлін білмеген» атты төрт минуттық анимациялық фильм дайындадық. Дипломдық жұмысым «Шәкен жұлдыздары» халықаралық фестивалінде «Ұлттық тақырып» атты жүлдеге ие болды. Бұл туынды негізінен екі бөлімнен құралған. Сол кездегі «Қазақфильм» киностудиясының басшысы Ермек Аманшаев дипломдық жұмыстарды қарау кезінде, «Аққаз» туындысын тамашалаған. Ұнатқан болуы керек, «Қазақфильмнен» осы туындыны жалғастыруға мүмкіндік берді. Міне, қазақ анимациясына, жалпы «Қазақфильмге» алғашқы қадамым осы кезден басталған болатын.
Тілек Тілеуғазы: Ерте жастан суретшілікке қызықтым, 2006 жылы Қазақстанға келіп, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына «Анимация режиссері»  мамандығына оқуға қабылданып, 2011 жылы аяқтап шықтым. Сол жылы «Бөгде» атты туындым Х халықаралық «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды
Ербол Бораншы: Қытайға оқуға бара жатып, аяқ асты Қазақстанға келіп, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына, атап айтсам, Шахимардан Құсайыновтың шеберханасына түстім. Студент кезімде «Сахара тынысы» және «Ақ кептер» атты 2 деректі фильм түсірдім. «Дидар» кинофестивалінде осы екі туынды жүлдеге ие болды. Мен жазған сценарийлер бойынша бірнеше деректі фильмдер, қысқаметражды фильмдер түсіріліп жүр. 2010 жылдан бастап «Қазақфильмде» жұмыс істеп келемін. Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, Жамбыл Жабаев, Қажымұқан, Ілия Жансүгіровтің өміріне арналған көркем деректі фильмдер дайындадым. «Пәтер» атты 30 минуттық көркем фильм түсірдім, бұл туынды «Байқоңыр» кинофестивалінде жүлделі болды. Ал анимацияда осы жігіттермен біріге жұмыс атқарып келемін.
«Мұзбалақ» туындысының дайындалу барысы туралы айтсаңыздар.
2013 жылы үшеуміз біріге отырып, «Тастүлек» атты 25 минуттық анимациялық фильмін дайындауды қолға алдық. Ал 2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай арнайы тапсырыспен «Бақыт жолында» атты түрлі халық ертегілерінің, соның ішінде, орыс, неміс ертегілерінің желісі бойынша анимациялық фильм түсірдік. Ал 2015 жылдың аяғында киностудияның президенті қызметіне Бақыт Қайырбеков келіп, «Тастүлек» анимациялық туындысын көрді. Бұл еңбекті ары қарай жалғастыру керек деп ұсыныс білдірді.
Бірақ біз алдыңғы сюжетті қайталамай, жаңа сценарий жазып, анимацияны бастап кеттік. 2016 жылы жұмыс белгілі бір себептермен 6 айға тоқтады. Кейін жұмыс жалғасын тауып, 22 ай дегенде 65 минуттық толықметражды анимациялық фильм дайын болды. Туындының өзгелерден ерекшелігі шығармашылық топтың тек қазақ жастарынан құралғаны деп есептейміз, әрі экшн жанрындағы, 2D және 3D форматтағы тың дүние болайын деп тұр. Бұл қазақ анимациясына жаңа серпін береді деп үміттенеміз. Қалың көрерменге мамыр айында тарту етіледі деп жоспарлап отырмыз.
Дереккөз: massaget.kz
05 қараша 2018 ж. 187 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 3

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 109

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 233

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 311

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 182

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 497

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 464