» » "Айқаптың" жаңа саны жарыққа шықты

"Айқаптың" жаңа саны жарыққа шықты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығаратын «Айқап» журналының екінші (100-ші) нөмірі жарық көрді. Оқырман қауым басылым бетінен белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтың сұхбатын оқи алады. Сұхбатта Мұрат Мұхтарұлы балалық шағындағы жарқын естеліктерімен бөліскен: анасы Фатима журналды тәркілеу кезінде «Айқаптың» бірнеше данасын сандығында жасырып қалған екен. Осыдан-ақ оның бұл басылымды қаншалықты қадірлегенін аңғаруға болатындай. Мұрат Әуезов осыдан бір ғасыр бұрын М.Сералин ашқан журналдың тарихи жалғасы – бүгінгі «Айқаптың» қадамына сәттілік тіледі. Оның пікірінше, басылымның тісі батпайтын тақырып болмауы тиіс. Егер «Айқап» айта алмайтын мәселе бар болса, қолға қалам алудың қажеті жоқ деп есептейді. Бас редактор бағанында оқырман назарына Ғалымқайыр Мұтановтың «Сөзге қызмет ету» атты эссесі ұсынылған. Шығарма ХХ ғасырдағы түркі лексикасының зерттелуі мен осы бағыттағы ізденістердің ізашары Олжас Сүлейменов туралы. Белгілі сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтң лауреаты Шота-Аман Уәлиханов, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Татьяна Кривощапова, тарихшы Ирина Ерофеева, өлкетанушылар Қайролла Мұқанов пен Сәуле Маликова, сондай-ақ М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің докторанты Нұрлан Асқаров көшпенділердің дүние жүзі зияткерлік тарихындағы орны жайлы құнды пікірлерімен бөліскен. Сонымен қатар, журналдың жаңа нөмірінде профессор Болатбек Нәсенов, ҚР Президенті архивінің директоры Борис Джаппаров пен белгілі алаштанушы Тұрсын Жұртбай ХІХ және ХХ ғасыр аралығындағы жер мәселесіне, 1916 жылғы қырғынға және 1930 жылдардағы ашаршылыққа қатысты мұрағаттық деректерді жариялады.
Татарстан, Тува, Жапония, Якутия ғалымдары журналға жіберген түркілердің мәдени мұрасы жайлы материалдар да құнды. ТҮРКСОЙ-дың бас хатшысы Дүйсен Қасейінов «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы жайлы ақпараттармен бөліскен. Әлімхан Ермеков пен Жұмабек Тәшеновтың саяси портреттері (М.Хамзин), ұлттық кинопрокатқа шолу (Г.Әбікеева), Н.Сацтың Күләш Байсейітова туралы ойтолғауы және өзге де мақалалар басылымның мазмұнын байыта түскен. «Айқаптан» М.Шоқай ашқан «Жаңа Түркістанға» дейін басылымдардың редакциясы республика шекарасынан жырақта болғаны мәлім. Тәуелсіз Қазақстанда қанатын қайта сермеген «Айқаптың» тұғыры мықты, тіреуі бекем. Халықаралық авторлар ұжымының еңбегімен жарық көрген журналдың жаңа нөмірі сөзіміздің айқын дәлелі. Жаңалыққа құштар оқырманы барда ғасырдан да ұзақ жасаған басылымның қадамы қарыштап ілгерілейді деп сенеміз.
Гүлнар Мұқанова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті
Дереккөз: massaget.kz
05 қараша 2018 ж. 93 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 3

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 109

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 233

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 311

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 182

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 497

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 464