» » Қазақ тілін үйренудің тиімді жолдары

Қазақ тілін үйренудің тиімді жолдары

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушысы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Елбасы: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.
Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу.
Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік шығармашылық құзіретін дамыту. Оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде ауызша сөйлей білуге үйрету.
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді.
 Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.
 Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
 Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.
1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.
 2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.
 3. .Уақыт ұтымдығы
Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамасыз етеді екен.
 Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады.
Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:
(Ұлыбритания педагогтарының ұсынысы бойынша)
- Экранда көрсетілетін сурет туралы ақпаратты жоғары жаққа жазу;
- Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;
- Топпен тығыз жұмыс жасау;
- Конференциялар өткізу үшін басқа мектептермен байланыс орнату;
- Интерактивті тақтаны компьютердің көмегінсіз басқару;
- Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;
- Видеороликтер көрсету, электронды оқулықтар пайдалану;
- Сабақ кезінде сақталған файлды оқушыларға беру.
 Сабақта интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жеткен нәтижелері:
1.     Сөздікпен жұмыс / аудару, сөз тіркестерін құрастыру/
даңқты- прославленный
жасақталған – сформированный
қоршау – окружение
атақ - звание
2.     Мәтінмен жұмыс.
А. Мәнерлеп оқыту
Ә. Тізбектеп оқыту.
Б.Сұрақ – жауап 1. Б.Момышұлы кім?
 2.Қандай ерлік көрсетті?
 3.Майданда қандай қызметтер атқарды?
 4.Б.Момышұлының ерлігі қай кітапта суреттелді?
 5.Қандай марапаттар алды?
Сөзжұмбақтағы сөйлемдерді дұрыс құрастырсаңыз, Б.Момышұлының нақыл сөзін оқисыз
Ер дегенде
Жұрт дегенде
қызмет
езіліп
жұмылып
ет
Ер дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.
ІV Көп нүктенің орнына тиісті бастауышты қойып жаз.
1.      .... болып тумайды.
2.      .... елі үшін туады, елі үшін өледі.
3.      .... жасау оңай емес.
4.      .... батырларын ешқашан ұмытпайды.
5.       Қоянды .... өлтіреді, батырды .... өлтіреді.
 
Керекті сөзер: қамыс , намыс, батыр, халық, ерлік, ер.
Глоссарий
Қазақша
Орысша
Ағылшынша
Ерлік
Героизм
Heroism
Аңыз
Легенда
Story
Шайқас
Битва
Battle
Сарбаз
Солдат
Soldier
Даңқ
Слава
Fame
Күллі әлем
Весь мир
All worbd
Тапсырма: Сөйлем құрастыру 1 –топ /қазақша/
 2-топ /орысша/
 3-топ /ағылшынша/
Сөзжұмбақты шешу.
1.      «Герой» сөзінің аудармасы
2.      Батыр - қала
3.      Б.Момышұлының туған жері.
4.      Б.Момышұлы қандай батыр?
5.      Батырдың немересінің есімі.
6.      Ұлының есімі
7.      Б.Момышұлының жазған туындысы.
8.      Батырдың әскери атағы.
Сонымен, қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі –интерактивті тақталар мен жаңа технологияларды қолдану десек, олардың  бала жадын жаттықтыруға тигізер септігі мол екендігін көруге болады. Ұстаздың өз шәкірттерінің қазақ тілін дұрыс, заман талабына сай меңгеріп шығуы үшін жасаған барлық әдіс-тәсілдері бұл жерде орынды. Сондықтан, қазақ тілін дамытуда және өз шәкірттеріңіздің мемлекеттік тілді тереңінен біліп шығуына өз үлесімізді қосайық.
Риза САУЫРБАЕВА
09 қараша 2018 ж. 161 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 66

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 172

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 292

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 363

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 234

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 545

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 501