» » 50 доллар және адам қадірі

50 доллар және адам қадірі


Жұртқа танымал әрі шешен бір кәсіпкер жастарға беретін семинарын қолындағы 50 долларлық банкнотты көрсетуден бастады. Шамамен 200 кісілік қатысушылардан осы ақша кімге керек деп сұрап еді, жан-жақтан қолдар көтеріле бастады. 

-Жарайды, осы ақшаны біреуіңізге беремін. Бір алдымен бір нәрсе түсіндірейін деді. 

Сөйтті де, ақшаны әбден шиыршықтап бүктеп тастады. Сөйтіп: «Әлі де осы ақшаны қалайтындар бар ма?», – деп сұрады. Тағы да қолдар көтерілді. Кәсіпкер енді тіпті қатты кетті. Ақшаны жерге тастап, оны аяғымен мыжи бастады да: «Ал былай жасасам ше?», – деді. Өмір деген қызық емес пе, сөйтсе де, бірнеше қолдар әлі де жоғары көтерілді. 

Сонда кәсіпкер былай деді: «Міне, көрдіңдер ме, бауырларым! Мен бұл ақшаға не істесем де, ақшаның аты ақша. Ол өз құнын жойған жоқ. Сол 50 доллар күйінше қалды. Өмір де кейде осыған ұқсайды. Кей кездерде тіршіліктің шарттары бізді қатты шаршатады. Кейде екі бүктейді. Кейде ұрады, кейде тебеді. Маңдайымыз тастан тасқа соғылады. Торығамыз, күйзелеміз. Бірақ қандай болғанда да, өз қадіріміз бен құнымызды жоғалтпауға тиіспіз. Өмірде қанша сәтсіздікке ұшырасақ та, маңызды емес. Бәрібір бізді жақсы көретін адамдар біздің қадірімізді әрқашан біледі.» 

Асылбек Әуезханұлы
07 қараша 2018 ж. 401 0

Ұқсас жаңалықтар:

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 311

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 402

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 519

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 626

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 436

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 743

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 683