» » Әлеуметтік желідегі «өмір»

Әлеуметтік желідегі «өмір»


Әрине, әр инстаграм қолданушысы өзінің парақшасына керемет суреттерін жүктеп, елдің назарында болуға талпынады. Танымалдылықты алға мақсат етіп алған әрқайсының мүддесі осы ғана. Қазақ эстрада әншілерінің жазған жазбаларын оқиды, өзінше ой қалыптастырады.
Міне, дәл осы мағынасыз дүниеге бөлінген көңіл, неліктен том-том болып ақиқатты жырлайтын кітаптарға бөлінбейді деген ойға қаласың. Расымен, кітапты былай қойғанда, ұрпақтың санасын жаулап, көз жанарын мөлдіретіп өзіне аударып отыратын инстаграмның не құдіреті бар? Кейінгі уақытта жастар өзінің парақшасында жарияланған суреттерінің «лайктарын» санауды әдетке айналдырып алған. Жағымды пікірлер мен лайықты бағасын ала алмаған қолданушы, іштей күйзеліске түсіп, өзіндік бағасын өзі іштей түсіріп алып жататын кездері де болады. Қазақта, «еңсең түспесін» дегенді суыт хабар келгенде айтатын еді, ал бүгінде бұл сөз лайықты бағасын ала алмаған сурет үшін жас жеткіншекке айтылатын болды. Ақпараттық қоғамда, әрине, өзіндік оймен бөлісіп отырған дұрыс. Дей тұрғанмен, суреттеріне пікір білдірмекке жақсы келісті сөзді өзіндік оймен емес, «копировать», «вставить» деген тетіктер арылы ақын-жазушылардың қанатты сөздерін ұрлайтындарға мүлде дауа болмай кетті. Өкініштісі сол, ұрпақтың ойлау қабілетінің төмендеп, дайын асқа тік қасық болуды әдетке айналдыруында. Ойдың жұтаңдығы байқалатын желіде тыныс белгілерінен бөлек, сөзді орынды қолданбау белең алып бара жатыр.
Сонымен қатар лайықты суретке лайықты бағасын алу үшін өскелең ұрпақ ерекше суреттер жасауға ұмтылады. Артық қыламын деп тыртық қылып алмасына кім кепіл? Өмірлеріне қауіпті аймақтан сауапты іс іздегендер осылайша көбеюде. Міне, осындай қоғамдағы мәселелерді көргенде өзінше ой топшылауға тура келеді. Неліктен мұндай әуестік кең етек алып бара жатыр? Неге жастар әр суреттеріне өмірде мүлде кездес­пеген, ал виртуалды өмірінде ғана бар адамнан соншалық қолдау, маңызды пікір күтеді? Бәлкім, шынайы өмірінде жақындарының қолдауының аздығынан шығар. Бұл жағдайда адами қасиеттерді бір арнаға тоғыстырып, айналаңмен сырласқан жөн. Сол кезде ғана жанашыр адамның ақыл-кеңесі, мазмұнды мәні бар әңгімесі желідегі өмірден алыстатып, шынайы өмірге жақындатар.
Дереккөз:"Ана тілі" газеті
15 қаңтар 2018 ж. 306 0

Дауыс беру

"Жыл үздігіне" кім лайықты?

Мақалалар

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 93

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 117

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 115

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 396

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 391

Тектану қазақ білімінен

17 қаңтар 2018 ж. 387

Волшебник Барселоны

15 қаңтар 2018 ж. 402

НАНОТЕХНОЛОГИЯ

15 қаңтар 2018 ж. 358