» » Өзімен өзі сөйлесу ненің белгісі?

Өзімен өзі сөйлесу ненің белгісі?


Ұлыбританиядағы Бангор университетінің психологитары монологтар адамның зейінін бір нәрсеге аударып, мақсатына жетуге септігін тигізеді әрі адамның ақылын жетілдіреді деген тұжырымға келген. Зерттеу жұмысының авторы  Палома Мари-Беффаның (Paloma Mari-Beffa) ойынша, өзіміз өте жақсы білетін адаммен әңгіме айту эмоцияларды басқарып, ойларды реттеуге, мақсат қойып, оған жетуге септігін тигізеді. Өз-өзімізбен сөйлесу – даму деңгейіміздің бір бөлігі. Психолог Жан Пиаже кішкентай балалар тілі шыққан кезде өз істерін оңай басқаратынын аңғарған. 2008 жылы Джордж Мейсон Университеті (George Mason University) жүргізген зерттеу нәтижесінде бұл гипотеза дәлелденген. Бангор университетінің зерттеу аясында 28 қатысушыға жазбаша нұсқаулық беріліп, іштей және дауыстап оқу тапсырылған болатын. Сараптама нәтижесінде дауыстау арқылы оқылған нұсқаулық бойынша жұмыс жасағандардың қорытындысы үнсіз жұмыс істеген адамдармен салыстырғанда әлдеқайда сапалы болған. Зерттеушілер бұл дауыстау арқылы іс әрекетке бағыт бағдар беріп, оларды басқау қабілетінің арқасында жүзеге асады деген тұжырымға келген. «Өзінің белгісіз әлемінде адасқан, өзімен өзі ғана сөйлесетін ессіз ғалым стереотипі ми жұмысын күшейту үшін  жасап жастқан «ғұламаның» әрекеті болуы да әбден мүмкін,»– дейді Палома Мари-Беффа.

Дереккөз:  Massaget.kz
14 қаңтар 2018 ж. 163 0

Ұқсас жаңалықтар:

Мақалалар

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 153

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 173

Тектану қазақ білімінен

17 қаңтар 2018 ж. 158

Волшебник Барселоны

15 қаңтар 2018 ж. 166

НАНОТЕХНОЛОГИЯ

15 қаңтар 2018 ж. 160

Ум ребенка – в пальчиках.

13 қаңтар 2018 ж. 178