» » Табиғат таңғажайыптары

Табиғат таңғажайыптары


Әлемде талай қызық бар. Кейде күнде көріп жүрген қарапайым жан-жануарлар туралы қызықты деректер естігенде расымен де таңғаласың. Аяқ-қолы қылдай құмырсқаның өзінен бірнеше есе ауыр дәнді көтеріп кетіп бара жатқанын көріп жаратылыстың тылсымына таңдай қағасың. Осындай қызықты мәліметтердің бір тобын назарларыңызға ұсынамыз.
Керіктің баласы туғанда өмірден алатын ең алғашқы әсері – 2 метр биіктіктен құлау.
Теңіз жұлдызы асқазанын сыртқа шығара алады.
Ең ұзақ уақыт сусыз жүре алатын жәндік – тышқан.
Бегемоттар су астында өмірге келеді.
Сарышұнақ бір түнде 76 метр үңгіртау (туннель) қаза алады.
Ніл өзеніндегі қолтырауындар кесірінен жылына мыңнан аса адам қайтыс болады.
Түйеқұстың жұмыртқасын қайнату үшін 4 сағат керек.
Колибри құсы жүре алмайды.
Аyстралияға келген алғашқы еуропалықтар жергілікті тұрғындардан: “Мынау секіріп-секіріп жүретін қандай жануар?” деп сұраса, Олар өз тілдерінде: "kanguroo” (кенгуру) деп жауап берген, яғни мағынасы "түсінбедік" деген сөз еді.
Жарқанат – ұша алатын жалғыз сүтқоректі.
Жерде өмір сүрген барлық жануардың 99 пайызы қырылып кеткен.
Бал арасы 1 килограмм бал жинау үшін 2 миллион гүлге қонады.
Пингвиндер 1,5 метрге секіре алады.
Шимпанзелер айнадан өзін тани алатын жалғыз жануар болып есептеледі.
Қолтырауындар су астына бату үшін тастарды жұтып алады.
Ніл өзені екі рет ІХ және ХІ ғасырларда мұздаған.
Африка түйеқұсының 15 сантиметрлік жұмыртқасы – 1,8 килограмм.


Дереккөз: massaget.kz
22 қыркүйек 2018 ж. 626 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 311

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 402

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 520

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 627

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 437

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 744

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 684