» » Ұлт әні неге ұрпақты үркітеді?

Ұлт әні неге ұрпақты үркітеді?


Зерттеуші ғалым В.В. Рад­лов­ты «Ал­ты жа­сар ба­ла­дан алпыстағы ақсақалға дейін өлең айт­пай­тын, дом­бы­ра тарт­пай­тын қазақты көрмедім… Қазақ – өнерлі, әнші, ақын халық» — дегізіп таңқалдырған қазақтың дәстүрлі өнерін кейінгі ұрпақ қалай қабылдайды, түйсінеді, міне осы жай­лы сөз қозғамақпын. Бұл күнде за­ма­на­уи әндерді дәстүрлі әнмен салыстыруға да, жарыстыруға да мүлдем келмейді.  Кешегі өткен өнерлі қазақтың бүгінгі ұрпағының талғамы тіптен бөлек. Өзіңді қойып, өзгенің бәріне еліктеуді дағдыға айналдырғаны соншалық қазіргі жас­тар­дан ән ата­сы Әміренің, қазақ өнерін сан бе­лес­ке биіктеткен Жәнібек Кәрменов, Мәдениет Еше­ке­ев сын­ды да­рын­ды да арын­ды ағаларымыздың кім екенін сұрасаңыз «әйтеу бір ақын или тағы бірдеңке, ко­ро­че ай­тып тұрғаныңа қарағанда атақты болған шығар» де­ген жа­у­ап ала­сыз. Сенбесеңіз ба­сым­нан өткен жайт­ты  жа­сыр­май ай­тып берейін.Оқиға бы­лай бол­ды. Уни­вер­си­тет лиф­ты­сы­нан дәстүрлі ән тыңдап шығып ке­ле жатқанмын. Сабаққа асығып ба­ра жатқан студенттердің де қара мол еді. Ке­нет  у-шу, абыр-сабырдың бір ме­зет­те ба­сы­лып, таңырқаған кейіптегі жанарлардың маған қадалғанын байқадым. Жай­лап на­зар­ла­сам шы­ны­мен де сын көзбен сыр­тым­нан сы­нап тұрғандардың көзқарастары мен­де екен. Келесі ке­зек­те жап­пай мазақ қылған күлкінің, «мы­нау не қосып алған», «ауыл­бай­ский» де­ген сөздердің ас­тын­да қалғаным тағы рас. Жастардың жын көргендей үрпейісіп, төбе ша­шы тік тұрғанда мендегі ұлт әні менімен бірге ұялғандай. Қоянды қамыс, ерді на­мыс өлтіреді демекші әуенімді өшірмедім. Көш кетті. Ұрпағын ұзатып тас­тап, қорланып ұлттық ән қалды. Ұзатқан ұл-қызының қайта ай­на­лып ке­лер-келмесі де бұлыңғыр…
Қайран қазағым аңқылдап жүргенде немістер қымызынан, жал­пыл­дап жүргенде жа­пон­дар қазы-қартасынан ай­ыр­ды. Келесі ке­зек­те кім, немізді әкетпек? Ұлттық дәстүрден ай­ы­рыл­дым де­ген­ше, ұлтымды жоғалттым де!
Арай­лап атар ақ таңды біздің немерелеріміз Arash-тың әнімен қарсы алып, бесігінде Тиматидің сандырағымен тер­бел­ме­се екен…

Ғаламтордан алынды
18 қаңтар 2018 ж. 152 0

Мақалалар

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 153

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 172

Тектану қазақ білімінен

17 қаңтар 2018 ж. 158

Волшебник Барселоны

15 қаңтар 2018 ж. 166

НАНОТЕХНОЛОГИЯ

15 қаңтар 2018 ж. 160

Ум ребенка – в пальчиках.

13 қаңтар 2018 ж. 178