» » «Достық – біздің тірегіміз» байқауының ережесі

«Достық – біздің тірегіміз» байқауының ережесі

ДАРЫНДЫ БАЛА-РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР САЙТЫ


А Қ П А Р А Т Т Ы ҚХ А Т



Құрметті оқушылар!

ДАРЫНДЫ БАЛА– Республикалық балалар мен

жасөспірімдер сайты 1 мамыр – Бірлік күніне орай

«Достық – біздің тірегіміз» атты шығармашылық байқауына шақырады!

Байқаудың өткізілу тәртібі:

-«Бірлік – менің таңдауым» (Қатысушы тақырып төңірегінде эссе, сурет, өлең шығарып жібереді);

-«Көркем жазу» (қатысушы төмендегі өлең жолдарын жазып жібереді);

-«Шаңырақ астындағы бірлік» (қатысушы әр ұлттың ән, би немесе салт-дәстүрін көрініс ретінде түсіріп жібереді);

-«Мәнерлеп оқу» ( достық, бірлік, ынтымақ туралы өлеңдерді жатқа оқу)

Байқау қорытындысы:

Байқауға қатысу сұранысы (Қосымша 1), төлем чегі және байқау жұмыстары 2019 жылдың 2 мамырына дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 4 мамыр күні daryndybala.asiaсайтында жарияланады. Байқауға қатысып орын алған оқушыларға арнайы диплом, орын алмаған жағдайда алғыс хат беріледі.Орын алған оқушылар жетекшілерімен бірге марапатталады.10 оқушыдан артық қатыстырған жетекшілер жеке алғыс хатпен марапатталады. 20-дан аса оқушыны қатыстырып белсенділік танытқан, оқушыларының барлығы орын алған жетекшілерге диплом беріледі.

Қатысу жарнасы - 500 теңге. Денсаулығына байланысты арнайы білім алушылар тегін қатыса алады.(Жұмыспен бірге анықтамасы жіберілуі керек)


ҚОСЫМША ЕСКЕРТПЕЛЕР:

-Бір оқушы бірнеше номинация бойынша қатыса алады, әр номинацияға жеке төлем жасалады.

-Байқау сұранысы, төлем чегі және байқау жұмыстары бірге жіберілуі керек(бөлек келген жұмыстар қарастырылмайды);

-Сұраныс міндетті түрде электронды түрде болуы керек;

-Бір байқау бойынша барлық оқушыға бір сұраныс жіберіледі

-Барлық қатысушының төлемі бірге төленіп бір төлем чегі жіберілуі керек;

-Байқау жұмыстарының төменгі жағына оқушының аты-жөні көрсетілуі керек.


Электрондық почта:balalar_kz@mail.ru

Байланыс телефондары: (8-778-059-84-10),(8707-335-49-15)

Сайт әдіскері: Арайлым Өмірбекқызы

ЕСКЕРТУ! Жұмыс уақыты (телефонға, whatsApp-та жауап беру уақыты)-13:00-20:00


Қосымша 1


ДАРЫНДЫ БАЛА – Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты«Достық – біздің тірегіміз» атты шығармашылық байқауының сұранысы

р/сАты-жөніЖетекшісіМекен-жайы, телефоныБайқау номинациясы
1ДүйсенбекБекзатЖолназарұлы
Ғалымжанова Айсара Бердібекқызы

Астана қаласы, №54 орта мектеп
877852463654 777@mail.ru
«Көркем жазу»


Достық

Жылжып заман, өтсе де ғасыр ағын,

Асқақ арман, сақтаған асыл әнін.

Баласына даласын табыс еткен

Бабалардың рухына бас ұрамын.

Қалың жаудың айқасып арасында,

Жүрген күндер ел-жұрттың санасында.

Құрып кете жаздаған кездер болған,

Күн тұтылған қазақтың даласында.

«Елімайдай» тудырып жыр анасын,

Шерлі қазақ қалайша жыламасын.

Күңіреніп “Ақтабан игұбырынды»,

Айта жүрген «Алқа көл сұламасын».

Елге шығар жол іздеп қасіреттен,

Талай тарлан тарыққан, басы кеткен.

Бейбіт өмір, бақытын табар жолда

Ауыр жүгін арқалап ғасыр өткен.

Ғасыр өткен, бірталай дәуір өткен,

Тарих үні жеткендей ауыр-өктем.

Тағдыр сыны, талабы табыстырып,

Орыс, қазақ бір-бірін бауыр еткен.

Қатар келсе бір жерге сыймас бұрын,

Екі ел солай дамытқан сыйластығын.

Тамырласа, достасып кеткен олар

Бірін-бірі тіпті де қимас бүгін.

Соны кдуым есіне ала ма екен,

Өзге ниет, тілек жоқ ала бөтен.

Жүрек таза, көңіл ақ болған жерде

Достық мәңгі мызғымас болады екен.




Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған банк реквизиттері:


ИИН: 640602400537

5354 5100 3515 5703 (Народный Банк Казахстана)

Киви кошелек, терминалдар үшін:

Beeline нөмірі: 8 777 929 99 03




17 сәуір 2019 ж. 657 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 311

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 401

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 519

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 626

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 436

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 743

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 683