» » "Шексіз шығармашылық" байқауының ережесі

"Шексіз шығармашылық" байқауының ережесі


Құрметті оқушылар!

ДАРЫНДЫ БАЛА– Республикалық балалар мен

жасөспірімдер сайты «Шексіз шығармашылық» атты жас таланттар байқауына шақырады!


Байқаудың мақсаты:

Оқушыларды сауатты, мәнерлі, көркем жазуға, сурет салуға машықтандыру. Бала мінезінің тұрақтылығын, ұстамдылығын қалыптастыра отырып, бастаған ісін аяқтай білу, өзіндік шығармашылығын дамыту.


Байқау тапсырмалары:

-«Туған өлке соқпақтары» (оқушы тақырып төңірегінде эссе жазады);

-«Ұстазым-ұлағатым» (оқушы ұстазы туралы эссе не арнауын жібереді);

-«Менің есімімнің құпиясы» (оқушы өз есімінің ерекшелігі туралы эссе жазады);

-«Мен оқыған бір кітап» (оқушы өзі оқыған бір кітап жайлы тоқталып, шығармадан алған әсері туралы жазады);

-«Біздің қызықты күндеріміз» (оқушы сыныбымен өткізген қызықтары жайлы әңгіме жазады);

-«Менің қысқы демалысым»(оқушы демалыс кезіндегі қызықты суреттерін немесе эссе жазып жібереді)


Байқаудың өткізілу тәртібі:

Байқауға қатысу сұранысы (Қосымша 1), төлем чегі және байқау жұмыстары 2019 жылдың 31 қаңтарға дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 5 ақпан күні daryndybala.asiaсайтында жарияланады. Байқауға қатысып орын алған оқушыларға арнайы диплом, орын алмаған жағдайда алғыс хат беріледі. Әрбір жетекші алғыс хатпен марапатталады. 20-дан аса оқушыны қатыстырып белсенділік танытқан, оқушыларының барлығы орын алған жетекшілерге диплом беріледі. Бір мектептен 50-ден аса оқушыны ұйымдастырған ұйымдастырушыға және мектеп басшыларына арнайы құрмет грамоталары беріледі.

Қатысу жарнасы - 500 теңге. Денсаулығына байланысты арнайы білім алушылар тегін қатыса алады.(Жұмыспен бірге анықтамасы жіберілуі керек)


ҚОСЫМША ЕСКЕРТПЕЛЕР:

-Бір оқушы бірнеше номинация бойынша қатыса алады, әр номинацияға жеке төлем жасалады.

-Байқау сұранысы, төлем чегі және байқау жұмыстары бірге жіберілуі керек(бөлек келген жұмыстар қарастырылмайды);

-Сұраныс міндетті түрде электронды түрде болуы керек;

-Барлық қатысушының төлемі бірге төленіп бір төлем чегі жіберілуі керек;

-Байқау жұмыстарының төменгі жағына оқушының аты-жөні көрсетілуі керек.


Байланыс телефондары:

Сайт әдіскері Шолпан Мұратбекқызы (8-778-242-80-19)

ЕСКЕРТУ! Жұмыс уақыты (телефонға, whatsApp-та жауап беру уақыты)-10:00-19:00


Электрондық почта:balalar_kz@mail.ru



Байқауға қатысу үшін төленетін жарнапұлға арналған банк реквизиттері:


ИИН: 640602400537

5354 5100 3515 5703 (Народный Банк Казахстана)

Киви кошелек, терминалдар үшін:

Beeline нөмірі: 8 777 929 99 03


Қосымша 1


ДАРЫНДЫ БАЛА – Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты «Шексіз шығармашылық» атты шығармашылық байқауының сұранысы

р/сАты-жөніЖетекшісіМекен-жайы, телефоныБайқау номинациясы
1Дүйсенбек Бекзат Жолназарұлы
Ғалымжанова Айсара Бердібекқызы

Астана қаласы, №54 орта мектеп
877852463654 777@mail.ru
«Ұстазым-ұлағатым»


14 қаңтар 2019 ж. 316 0

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 113

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 215

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 332

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 403

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 285

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 588

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 535