» » "Жас дарын" байқауының ережелері

"Жас дарын" байқауының ережелері

















Құрметті оқушылар!

ДАРЫНДЫ БАЛА– Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты «Жас дарын» озат оқушылар байқауына шақырады!


І. Байқаудың мақсаты:

Ерік-жігері мықты, адамгершілік деңгейі жоғары, сапалы білім беру арқылы Қазақстанның болашағына сай келетін ұрпақты тәрбиелеу.


ІІ. Байқаудың өткізілу тәртібі:

2.1. Байқау ІІ кезеңнен тұрады.

2.2. І кезеңде әрбір оқушының шығармашылық өмірбаяны(жеткен жетістіктері, өнері мен шығармашылығы, жан-жақтылығы, қатысатын үйірмелері) Microsoft Word мәтіндік бағдарламасына терілген күйде қабылданады. Марапаттар тізіміне оқушылардың барлық марапаттары(мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық, қашықтық) жазылуы тиіс. Оқушының суреті, жетекшісінің аты-жөні болуы және мәтін ІІІ жақта жазылуы керек. (Міндетті түрде жетекші тексеруінен өтіп, қатесіз жіберілуі тиіс!)

2.3. І кезеңнен үздік деп табылған оқушылар ІІ кезеңге өтіп, дауыс беруге қатыса алады.

2.4. Байқау жұмыстары қазақ тілінде қабылданады.


ІІІ. Байқаудың талаптары:

3.1. Байқауға қатысу сұранысы және байқау жұмысы 2018 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады.

3.2. 17 қарашадан бастап комиссия мүшелерінің тексеруінен өткен үздік оқушылар daryndybala.asia сайтына жарияланып, ІІ кезең бойынша оқушыларға дауыс беру басталады. Байқау жеңімпаздарына арнайы диплом, қатысушыларға алғыс хат беріледі.

3.3.І кезең бойынша оқушылардың жетістігі мен жан-жақтылығы, марапаттарының саны, ІІ кезең бойынша дауыс беру нәтижелері назарға алынады.


       "Жыл үздігі-2018" байқауына қатысушы үміткерлердің жұмысы қабылданбайды!

Қатысу тегін!!!

Байланыс телефондары:

Сайт әдіскеріШолпан Мұратбекқызы (8-778-242-80-19)

                 ЕСКЕРТУ! Жұмыс уақыты(телефонға, whatsApp-та жауап беру уақыты)-15:00-20:00


Электрондық пошта: balalar_kz@mail.ru

Қосымша 1

ДАРЫНДЫ БАЛА – Республикалық балалар мен жасөспірімдер сайты

«Жас дарын»озат оқушылар байқауына жұмыс жолдау парағы


р/сАты-жөніЖетекшісіМекен-жайы, телефоны
1ДүйсенбекБекзатЖолназарқызы
Ғалымжанова Айсара Бердібекқызы

Астана қаласы, №54 орта мектеп
877852463654 777@mail.ru




Шығармашылық өмірбаян ҮЛГІСІ

Дүйсенбек Бекзада Жолназарқызы

Астана қаласы, №54 орта мектептің

7-сынып оқушысы

Жетекшісі: Ғалымжанова Айсара Бердібекқызы

Дүйсенбек Бекзат Жолназарқызы мектеп белсенділерінің бірі, оқу үздігі. Мектептегібілімімен қатар, бейнелеу өнері, хореография, шет тілі үйірмелеріне де қатысып өзін одан әрі дамыту үстінде. Бекзаттың мектеп қабырғасынан бөлек, қалалық, республикалық, Халықаралық байқаулар бойынша жеткен жетістіктері бар. Атап өтетін болсақ:
-2017 жылы Халықаралық «Открытый Казахстан» фестиваль-конкурсы, ІІ орын;
-2017 жылы Қалалық гуманитарлық «Полиглот» олимпиадасы, І орын;
-2018жылы Халықаралық «Алмалы» өнер фестивалі, би номинациясы бойынша І орын.


Қатысу үшін жұмыс материалдарын balalar_kz@mail.ru почтасына жолдауы керек.

12 қараша 2018 ж. 2 230 2

Нұрзат от 22 қараша 2018 16:03
Аманбай Гульжазира жарайсың✊Тек алға💐

Bekzat от 22 қараша 2018 21:30
Жанабаева Сымбат моладец тек қана алға 

Мақалалар

Әбілхан әлемі

15 қараша 2018 ж. 66

50 доллар және адам қадірі

07 қараша 2018 ж. 172

Қазақ тілі туралы 30 дерек

24 қыркүйек 2018 ж. 292

Табиғат таңғажайыптары

22 қыркүйек 2018 ж. 363

МЕНІ ҚҰТҚАРҒАН – «ОМПЫ»

15 қыркүйек 2018 ж. 234

ТОЙЛАР ТУДЫРҒАН ОЙЛАР

27 қаңтар 2018 ж. 546

Бүгінгінің білім сапасы

18 қаңтар 2018 ж. 502